Көмірді энергия көзі ретінде ғана емес, сонымен бірге, энергия жинайтын «қоймаға» айналдырудың жолы табылды
Көмірді энергия көзі ретінде ғана емес, сонымен бірге, энергия жинайтын «қоймаға» айналдырудың жолы табылды
11 ай бұрын 808 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пенсилвания штатының университетінде газ тәрізді сутегін көмірге айдайтын әрі одан шығаратын қондырғының прототипі құрастырылды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көмірді тек жаға бермей оны энергия сақтайтын қоймаға айналдыру тәсілі энергетика саласындағы елеулі жаңалық болып табылады. Атмосфераны ластау деңгейі жоғары көмір ресурсын пайдаланудан бас тартуды ұйғаратын «жасыл саясат» әлем бойынша көмір шахталарының бірінен кейін бірінің жабылуына алып келді. Тіпті, жер қойнауында бірнеше ұрпаққа жететін көмір қоры болғанына қарамастан. Екінші жағынан, сутегі болашағы зор энергия ретінде алға шығады, өйткені, оны өндіру қиындық тудырмайды, шығыны да аз, ең бастысы – қоршаған ортаны ластамайды, дәлірегі, жаққан кезде атмосфераға зиянды заттар бөлмейді. Алайда, сутегін өнеркәсіптік деңгейде сақтау – әлі күнге шешімін таппаған қиын да күрделі міндеттердің бірі. Көмірді минерал деп қарау немесе санау қателікке бастайды, өйткені, ол құрылымы жағынан көміртектен жасалған полимерге ұқсайды. Метан газын сіңіру қабілеті барын білесіз - көмір табиғатында газ молекулаларының көп бөлігін сіңіретін кеуекті сорғы (губка) іспетті. Сутегін де солай сіңіруі мүмкін, алайда, нақты іс жүзінде мұны жүзеге асыру қиын. Бұл тарапта сутекті қалай өңдеу керек, қандай қысым тудыру керек, көмірдің ішіндегі газды қалай бақылау керек және т.б. аспектілер бойынша жүргізілген зерттеу талай жылға созылды. Қазіргі уақытта көмірде сутегін сақтау технологиясы нақты іс жүзінде қолдануға келмейді, алайда, болашақта ол энергияның негізіне айналуы мүмкін, өйткені, ол табиғи материалдарды жаңа сапада және көп мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жайт өз кезегінде атмосфераға бөлінетін кқмірқышқыл газының мөлшерін азайта отырып, жер қойнауындағы қоры мол көмір өндірісін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Уголь

0 пікір
Мұрағат