Мысырда мектеп оқушыларына ниқабты киюге тыйым салғанымен, хижабқа бір шартпен рұқсат етті
Мысырда мектеп оқушыларына ниқабты киюге тыйым салғанымен, хижабқа бір шартпен рұқсат етті
11 ай бұрын 1751 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мысыр билігі мемлекеттік және жекеменшік мектептерде қыркүйек айының 30-нан басталатын жаңа оқу жылынан бастап ниқаб киюге тыйым салғанымен шариғат шәлісін жамылуға рұқсат етті, бірақ, бір шартпен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде New Arab ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Пирамидалар елінің білім беру министрі Реда Хижаздың мәлімдемесіне сай оқушылар сабақта немесе мектеп қабырғасында бет-жүзін тұмшалап жүрмейді, алайда, хижабпен білім ошағында бола алады. Ол үшін хижабпен келгісі келетіндер шариғат шәлісін ешкімнің мәжбүрлеуінсіз өз еркімен жамылған болулары керек және олардың заңды өкілдерінің (қамқоршысы, ата-анасы) ол жайында хабары болуы тиіс. 

105 миллион тұрғыны бар Мысыр елінде әйелдер қауымының басым көпшілігі хижаб киеді, бірақ бетті тұмшалап жүрушілер, яғни, ниқаб тағушылар қатары аз. 

*Ниқаб - бетперде, вуаль. Әйелдердің бетті жауып, көзі ғана ашық тұратын киім үлгісі. Ниқаб кию - шариғатта міндетті киім үлгісі емес.

 

0 пікір
Мұрағат