Microsoft зағип жандарға көруге көмектесетін Seeing AI қолданбасын шығарды (видео)
Microsoft зағип жандарға көруге көмектесетін Seeing AI қолданбасын шығарды (видео)
3 ай бұрын 677 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Microsoft компаниясының білікті мамандары әзірлеген Seeing AI қосымшасы Android платформасында болады. Ол генеративті жасанды зерденің (АІ) соңғы жетістіктермен жұмыс істейді және көру қабілетін жартылай немесе толық жоғалтқан пайдаланушыларға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемдегі Android пайдаланушыларының саны үш миллиардтан асқанын ескерсек, бұл қолданба талай мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектеспек. Аталмыш бағдарлама «көз» ретінде әрекет етуі үшін смартфон камераларын пайдаланады. Seeing AI қолданбасы суреттердің, соның ішінде фотосуреттердің сипаттамасын бере алады. Егер сіз «қосымша ақпарат» белгішесін бассаңыз, бағдарлама сіз көрген нәрсенің егжей-тегжейлі сипаттамасын береді. Саусақпен экранда сүйреп немесе сүйкеп нұқысаңыз, нысандардың орналасқан жері туралы ақпарат хабарланады. Тағы бір артықшылығы - құжаттарды смартфон камерасымен сканерлегеннен кейін AI сауалдарын қою мүмкіндігі қарастырылған. Атап айтқанда, сіз шот сомасы немесе мәзір элементтері туралы ақпаратты ала аласыз. Сонымен қатар, AI сұраныс бойынша жазылғанды ​​қорытындылай алады және мәтіннің шағын фрагменттерін толық оқи алады. Сондай-ақ, штрих-кодтарды сканерлеуге және өнімдер туралы ақпаратты, соның ішінде олардың атауын және басқа маңызды мәліметтерді алуға болады. Бірегей бағдарламалық жасақтама адамдарды, банкноттарды анықтау мүмкіндігін ұсынады. Seeing AI Google Play сайтында тегін жүктеп алуға болады және ең танымал 18 тілдіе қолданылады, олардың тізімін 2024 жылы 36-ға дейін кеңейту жоспарлануда.

0 пікір
Мұрағат