Биыл аймақтық қақтығыстар саны соңғы 30 жылда рекорд орнатты
Биыл аймақтық қақтығыстар саны соңғы 30 жылда рекорд орнатты
8 ай бұрын 651 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2023 жылы күллі әлем бойынша 183 аймақтық қарулы қақтығыс орын алған екен. Бұл көрсеткіш соңғы 30 жылда ең жоғарысы болып тұр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Лондон мегаполисіндегі халықаралық стратегиялық зерттеулер институты (IISS) келтірген дерекке жөн сілтеген Bloomberg ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жаһандық қақтығыстар шешімі жоқ сипатымен, дәлірегі, жауласушы тараптарды ортақ бітімге келтіретін шешімнің болмауымен ерекшеленеді. Қақтығыстардың жалпы себептеріне мемлекеттік емес қарулы топтардың қызметі, ішкі терроризм, аумақтық дау-дамай, соның ішінде жерге талас-тартыс және климаттық дағдарыс жатады. Халықаралық қызыл айшық комитеті өз қызметіне кедергі келтіретін 459 қарулы топ барын мәлімдеді. Қарулы қақтығыстардың қарқындылығы жылдан жылға артып келеді: 2023 жылы опат болғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға, зорлық-зомбылық оқиғалары 28 пайызға өскен. Бұдан бөлек, Біріккен Ұлттар Ұйымының пәрмені мен ықпалы азайып кеткен. Бұған ең алдымен БҰҰ-ға мүше белді державалар арасындағы қайшылық себеп болуда.

0 пікір
Мұрағат