Климат өзгерісінің суицидке әсері анықталды
Климат өзгерісінің суицидке әсері анықталды
2 жыл бұрын 1011 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттік ғалымдары климат өзгерісінің өз-өзіне қол жұмсау деңгейіне әсерін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған GeoHealth мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу барысында білікті мамандар өзіне-өзі қол жұмсау жиілігі туралы мәліметтерді, алты климаттық модельдің болжамдарын, сондай-ақ халық болжамын қамтитын арнайы модель әзірледі. Цельсия бойынша бір градустан алты градусқа дейін жылыну суицидтердің жыл сайын 283-1660-қа өсуіне әкелуі мүмкін, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда төрт пайызға көп. 2022 жылдың тамыз айында Кембридж университеті басқаратын халықаралық зерттеу тобы жаһандық жылынудың салдары адамзат үшін бұрын ойлағаннан да апатты болуы мүмкін екенін байқаған еді.

0 пікір
Мұрағат