Жүзетін электрлі көлік жасалды (фото+видео)
Жүзетін электрлі көлік жасалды (фото+видео)
6 жыл бұрын 4200 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2011 жылы Жапония цунамидің астында қалды. Бұл табиғаттың дүлей апатынан кейін өнертапқыш Хидео Цурумаки Toyota компаниясындағы жұмысынан өз еркімен кетті. Цунами қайталана қалған жағдайда су тасқыны кезінде адамдар опат болмасы үшін жүзбелі автокөлік құрастыру үшін. Ол екі жыл ішінде табандылығы мен тапқырлығы арқасында шағын болғанымен суда жүзе алатын Fomm электрлі көлігін жасап шығарды. Аталмыш көлік түрінің үлгісі инвестор, яғни, жобасын жүзеге асыруға қаржы құятын демеуші табуға көмектесті. Қазіргі уақытта жапон инженері электрлі көліктің төртінші нұсқасымен жұмыс істеп жатыр – бір заряды 160 шақырымға жететін, сағатына 80 шақырымды артқа тастайтын нұсқасымен. Оның көлігі суда су айдайтын қозғалтқыштың көмегімен жылжи алады. Бұл ерекше көліктің алғашқы партиясындағы құны да оңай емес: 18 мың доллардан басталады. Жапон инженері алдағы уақытта Таиландтағы зауытпен келіссөз жүргізіп жатыр. Жылына мұндай көліктің он мыңын шығару үшін.

 

0 пікір
Мұрағат