Имамдар марқұмның үш, жеті және қырық күндік қаделерін бір күнге өткізуді ұсынды
Имамдар марқұмның үш, жеті және қырық күндік қаделерін бір күнге өткізуді ұсынды
6 жыл бұрын 8023

Атырау облысының бас имамы Батыржан қажы Берденұлы жаназа және жерлеу рәсімдеріне қатысты бірқатар ұсыныстарды талқыға тастап отыр. Бұл жайында stan.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Ысырапшылдыққа жол бермеу мақсатында бас имам қайтқан кісінің сүйегі жер қойнына тапсырылмай тұрып, қаралы үйде қазан қайнатпауды, күзетте дастархан жаймауды ұсынды.

«Дастархан марқұм жерленгеннен кейін жайылса, бұл да болса біріншіден, о дүниелік болған пенденің рухына құрмет, екіншіден, қаралы үйді қосымша ауыртпалықтан арылтуға арналған қадам болар еді», – деген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров марқұмның үш күндік, жеті күндік және қырық күндік қаделерін бір күнге өткізу тәжірибесі енгізу мәселесін де көтеріп отыр.

«Саралап қарасақ, үш күнге бір бөлек, жеті күнге бір бөлек, қырық күнге бір бөлек дастархан жая беру, оның барлығы сайып келгенде, ысырапшылдыққа жол ашады. Әрі осы қаделердің қай қайсына да сол таныс адамдары айналып қатыса береді. Егер, қаделерді біріктіріп, бір күнді белгілейтін болсақ, былайғы жұрттың уақытын да үнемдер едік. Әрі бұл шаңыраққа да ыңғайлы болады», – деген бас имам Батыржан қажы Берденұлы соңғы кездері қанат жайып бара жатқан марқұмды жерлеу рәсімін өткерер алдында дауыс зорайтқышпен митингтер өткізу, осы шара кезінде табыттың алдынан гүл шоқтарын, оған қоса марқұмның суретін алып жүру сияқты ұлтымызға, дінімізге, ділімізге жат әдеттерден арылуға шақырып отыр.

0 пікір
Мұрағат