Исламға қарсы партияның көрнекті өкілі мұсылман болды
Исламға қарсы партияның көрнекті өкілі мұсылман болды
6 жыл бұрын 2871 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Немістердің, іле-шала әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары сенсацияға бергісіз жаңалықты жаһанға жар салып, жарыса жазып жатыр. Тарқатып айтқанда, Германиядағы нөмірі бірінші исламға қарсы ымырасыз күрес жүргізіп келе жатқан аты-шулы партияның көрнекті өкілдерінің бірі Артур Вагнер тура жолға түсті. Ресейлік неміс, нақтырақ айтқанда, Ресейдің Ижевск қаласының тумасы «Германия үшін балама» деп аталатын аса беделді партияның Бранденбургтегі кеңес мүшесі болатын. Әйтсе де өзі Фалкензи қаласында тұрады. Бұрын ол құрамында канцлер Ангела Меркел де бар «ХДС христиандары» тобының өкілі болатын. Алайда, ол аталмыш партияны Германияны апатқа ұрындырады деп айыптап, одан шығып кеткен еді. Осыдан кейін «Германия үшін балама» партиясына кірген болатын. Ұлтшыл партияның ұраны: «Ислам Германияның бөлігі емес». Оның жетекшісі Александр Голанд қымсынбастан: «Ислам Германияның либералды демократиялық конституциясымен сәйкес келмейді» деп мәлімдеген еді. Бранденбургтегі партия басшылығы оның бұл қадамын Артур Вагнердің жеке шаруасы деп, мәлімдеді. Артур Вагнер аталған партия құрамынан шығарылды. Тағы бір айта кететіні, Швейцарияның халық партиясының бұрынғы мүшесі, мұсылмандарға қаны қас Даниэль Стрейч те аяқ астынан Алланың қалауымен исламды қабылдап, бір күнде мұсылман атанған еді.

0 пікір
Мұрағат