Уымен адамды сеспей қатыратын құс табылды
Уымен адамды сеспей қатыратын құс табылды
43 минут бұрын 40 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жек Думбахер есімді америкалық орнитолог 1989 жылы ғалымдардың құстар туралы түсініктерін өзгертетін жаңалық ашты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде iXBT.com ақпарат көзіне жөн сілтеген Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Экспедиция кезінде Жаңа Гвинеяның ит тұмсығы батпайтын қалың жынысында ол ерекше құсты қолға түсіреді. Құсты аулау кезінде питоха зерттеушінің саусағын тырнап алады. Ғалым оны ауызына тақағанда еріні мен тілі бірден ұйып қалды, ал ауызы күйіп қалды. Кейіннен оның себебі - инфекция емес, ең күшті табиғи уыттардың бірі екендігі анықталды. Осылайша ғалымдар алғаш рет улы құсты тапты. Бұл арада екі түсті питоха (Pitohui dichrous) - салмағы шамамен 65 грамм тартатын кішкентай құс турасында сөз болып отыр. Кішігірім дене тұрқынына қарамастан оның қауырсыны мен терісінен батрахотоксин табылған, яғни, табиғаттағы ең қауіпті заттардың бірінен саналатын у табылған. Мұндай улы зат оңтүстік америкалық жапырақты мекендейтін бақалардың денесінде де бар, олардың уын үнді жауынгерлері жауын сеспей қатыру үшін жебе ұшына жаққан. Батрахотоксин көпке белгілі курарға қарағанда он есе уытты келеді ал адамды семспей қатыру үшін небәрі 100 микрограмы да жеткілікті. Улы зат жасушалардың натрий арналарының жұмысын бұзып, жүйке жүйесін зақымдайды. Осының салдарынан бұлшық еттер сіресіп, жүрек қағысы ырғанынан жаңылады, ал тиімді антиденелер әлі күнге дейін жоқ. Ұзақ уақыт бойы ғалымдар құстың ағзасы ерекше мутациялардың арқасында қорғалған, деп санап келген еді. Алайда, кейінгі зерттеулер құпияның түп-төркіні басқада екенін көрсетті: Питоха қанында удың молекулаларын байланыстыратын, олардың өмірлік маңызды ағзаларды зақымдауына жол бермейтін арнайы ақуыз бар екені анықталды. Содан кейін улы зат тері мен қауырсында ғана болып, құсты жыртқыштардың жемтігі болудан  қорғап келді. Құстың бойындағы удың қайдан келгені шығу тегі де таңқалдырады. Зерттеу барысында бұл құстың қорегін кәдімгі азықпен алмастырғанда біртіндеп әрі толығымен уынан арылған. Осылайша питоханың улы затты өзденесінен бөлмейтіні, улы затты қорекпен бірге алатыны анықталды. Уның қайнар көзі - құстың қореіген айналған Choresine тектес қоңыздар болып шықты. Жәндіктерді жегеннен кейін организм батрахотоксинді жинайды және оны қорғаныш құралы ретінде пайдаланады. Питоханың ерекше қасиеттері туралы Жаңа Гвинеяның байырғы тұрғындары да бұрыннан білетін. Олар оны «қоқыс құсы» деп атап, етін пайдаланбайды. Оны сойған кезде теріні және шырышты қабаттарды тітіркендіретін ашшы бу бөлінеді. Улы қауырсындар құстарды ірі жыртқыштардан ғана емес, паразиттерден де қорғайды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қауырсын кенелер мен биттер питоха денесінде өмір сүре алмайды.

0 пікір
Мұрағат