|
Әлемдегі алғашқы квантты навигатор GPS спутнигінсіз жұмыс істейді (видео)
|
Австралиялық Q-CTRL фирмасы Фарнборо авиасалонында ұшуға жарамдылық стандарттары бойынша сертификаттаудан өткен және спутниктерден сигнал жоғалған жағдайда GPS-ті ауыстыруға арналған бірегей кванттық навигациялық жүйені жұртшылық назарына ұсынуға дайындалып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Тechcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ironstone Opal деп аталатын кванттық сенсорлардағы әзірлеме теңіз, әуе және жер үсті платформаларында далалық сынақтардан сәтті өтті және әлемдік есепте бірінші болып ұшу қауіпсіздігіне кепілдік беретін RTCA DO-160 сертификатына ие болды. GPS тәуелсіз жұмыс істейтін жүйе орнықтылықты арттырады және автономды платформалар мен ұшақтарға түрлі кедергілердің әсерін азайтады. Ironstone Opal жұмысы магниттік картаға түсіру технологиясын пайдаланатын кванттық сенсорларға негізделген. Алгоритмдер магнит өрісінің ағымдағы өлшемдерін жадында сақталған карталармен үздіксіз салыстырады. Осылайша, жүйе өзінің жағдайын сыртқы сигналдарсыз анықтайды. Ол навигацияны дрейфсіз қамтамасыз етеді, яғни, бағытты анықтайтын құралды қажет етпейді, ал бұл артықшылық уақыт өте келе қателер жиналатын инерциялық жүйелер үшін өте маңызды. Сынақ барысында Ironstone Opal талай мәрте ұшырылды. Соның 95%-да теңіз милінің үштен бір бөлігі шегінде дәлдікті сақтай отырып, қатаң стандарттарға сәйкес келетінін дәлелдеді. Сынақ нәтижесі саланың негізгі талаптарына толығымен сәйкес келеді және жүйені коммерциялық негізде пайдалануға жол береді. Компания шағын көлемді бірнеше нақты конфигурацияны әзірледі. Оның үстіне, салмағы 1000 граммнан кем нұсқаны, тіпті, ұшқышсыз ұшу аппараттарында да пайдалануға болады. Қазір технология тұрақты навигациялық шешімдерге мүдделі ұшақ өндірушілермен, қорғаныс мердігерлерімен және мемлекеттік ұйымдармен бірге бағалаудан өтеді.