Қосмекенділер азайса, адам безгектен қырылуы мүмкін
Қосмекенділер азайса, адам безгектен қырылуы мүмкін
2 жыл бұрын 1932 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар адамдар арасындағы безгектің қосмекенділердің жойылуына әсері туралы хабарлады. Коста-Рика мен Панамадағы экологиялық зерттеулерді талдау нәтижесі 1990 және 2000 жылдардағы мұндай жағдайларға аталған аурудың өршуі себеп болғанын көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған аймақтағы қосмекенділердің өлімге әкелетін саңырауқұлақ ауруынан жаппай қырылуы аталмыш жұқпалы дерттің жай оғындай шапшаң таралуына ықпал еткен. Хитридиомикоз деп аталатын саңырауқұлақ ауруының таралуы бүкіл әлемде амфибиялардың ондаған жылдар бойы азаю толқынына әкеліп соқтырған баяу апат болды. 1980-2000 жылдар аралығында мұндай қатерлі толқын Коста-Рика мен Панама арқылы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жылжып, түрлі уақытта әрқилы өңірлер мен өлкелерге жеткен. Жергілікті экологиялық зерттеулерді, қоғамдық денсаулық сақтау жазбаларын және спутниктік деректерді талдау  өз кезегінде толқынның өсуіне қарай қосмекенділердің өлімі мен адам безгек ауруларының көбеюі арасындағы байланысты көрсетеді. Дэвистегі Калифорния университетінің эколог экономисі Майкл Спрингборнның айтуынша, биологиялық әр алуандылықты жоғалтудың «экожүйелер арқылы таралуы мен адамдарға әсер ету» жолдарын анықтау басқа да экологиялық қауіп-қатерлерге қарсы алдын алу шараларын хабардар етуге көмектеседі. Орташа есеппен алғанда, Коста-Рика мен Панаманың әрбір округінде қосмекенділер қырылғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң шамамен алты жыл бойы 1000 адамға шаққанда жылына 0,8-ден 1,1-ге дейін қосымша безгек ауруы тіркелген. Басқа зерттеулер қосмекенділердің масалардың популяциясын бақылаудың маңызды құралы ретінде қызмет ететінін көрсетеді. Қосмекенділер личинкалары масалардың дернәсілдерін қорек етеді және жануарлар баспана сияқты ресурстар үшін бір-бірімен бәсекелеседі. Осылайша, бақалардың және өзге де қосмекенділердің болмауынан масалар көбейіп, безгектің таралуының артуына әкелді. Алайда, бұл уақыт ішінде масалардың саны өскені немесе қаншалықты көбейгені турасында деректер жоқ.

0 пікір
Мұрағат