Иран «Саман» орбиталық буксирін сынақтан сәтті өткізді
Иран «Саман» орбиталық буксирін сынақтан сәтті өткізді
2 жыл бұрын 2033 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иран мамандары «Саман» деп аталатын орбиталық буксирді сәтті ұшырды. Бұл жайында islam.kz порталы islamosfera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Ғарыш кемесін құрастыруға Парсы елінің ғарыш агенттігі мен ғарыш институты, сондай-ақ, Қарулы күштердің қорғаныс және логистика министрлігі атсалысқан. Шиғалар елі ғарыштық бағдарламаны бейбіт мақсатты көздейтінін алға тартып, ұзақ уақыт бойы жүзеге асырып келеді. Елде азаматтық және әскери ғарыш бағдарламасы бар, оны АҚШ билігі баллистикалық зымырандарды жасау үшін пайдалануы мүмкін деп қауіптенеді. Иран бұл салада соңғы жылдары бірқатар сәтсіздіктерге ұшырап жүр, дәлірегі, спутниктерді ұшыруда бірінен кейін бірі сәтсіздікпен аяқталса да 2022 жыл бірқатар сәтті ғарыштық жобалармен ерекшеленді. Осы жылдың маусым айында Теһран ғарышқа Zoljenah суборбитальды жеңіл зымыран тасығыш аппаратын сәтті ұшырды. Таяуда Иран Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ғибридті жасанды жер серігін тасымалдаушы аппараттың жаіа кезеңіне аяқ басқанын мәлімдеген болатын. Ал тамыз айында ресейлік зымыран 11-12 ғасырларда өмір сүрген әлемге әйгілі парсы ақыны және көрнекті ғалымы Омар Хайамның құрметіне аталған, ирандық мамандар жобалаған, ресейлік компания құрастырған «Хайам» жасанды жер серігін орбитаға сәтті шығарды. Спутниктің негізгі мақсаты - жер бетінен ақпарат пен суреттерді жинау. Ол мемлекеттік және азаматтық мақсаттар үшін Жер бетін бақылауға және зерттеуге арналған. Иранның мемлекеттік телеарнасы Қорғаныс министрлігінің спутниктерді Жердің бір орбитасынан екіншісіне ауыстыруға арналған «Саман» орбиталық көлік блогының тәжірибелік үлгісін сәтті сынақтан өткізгенін хабарлады. Ғарышқа жақын жағдайларда «Саман» инженерлік үлгісінің ішкі жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігі тексерілді және осы жүйенің жұмыс істеуі туралы мәліметтердің толық жинағы жүргізілді, оның жұмыс қабілеттілігі жоғары биіктікте жұмыс жағдайында расталды. Иранның ғарыштық бағдарламасының Таяу Шығыстағы ғарыштық держава атанған араб елдерінен және көрші мемлекеттерден басты айырмашылығы – өзінің ішкі әлеуетіне негізделген және отандық технологияларды пайдаланады.

أقمار صناعية ترصد استعدادات إيران لإطلاق صاروخ - CNN Arabic

Дерек көзі: File/AFP

Iran Says It Successfully Test-Launched Saman 'Space Tug' To Move Satellites to Higher Orbit - The Media Line

Саманның жоғарғы сатысының ерте кездегі прототипі, спутниктерді әртүрлі орбиталарға жылжыта алатын ғарыш буксирі / Дереккөз: Хамед Малекпур/TasnimNews Agency/Creative Commons
0 пікір
Мұрағат