Жұқпалы ауру таратуда ең қауіпті жануар анықталды – зерттеу
Жұқпалы ауру таратуда ең қауіпті жануар анықталды – зерттеу
2 жыл бұрын 1741 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Британ ғалымдары бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізіп, түрлі аурулардың «супер таратушысы» болып табылатын тіршілік иелері бүкіл жер бетіндегі адамдардың маңында өмір сүретінін анықтады. Ал ауру жұқтырмайтындарының дені адамнан алыс жүреді. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылар жабайы табиғат популяциясы арасында тұмау және COVID-19 сияқты әртүрлі аурулардың таралуының интерактивті картасын пайдаланды. Көбінесе олар Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия аумақтарындағы адамдар мен маймылдардың өзара әрекеті мен қатынасын зерттеген екен. Ғалымдар жабайы маймылдардың үлкен топтары қалалық жерлердің немесе басқа да ірі елді мекендердің маңында өмір сүрген кезде аурудың «супер таратқышына» айналатынына көз жеткізді. Үндістанның солтүстігінде, Малайзияда және Үндістанның оңтүстігінде макакалардың көптеген жекелеген топтары табылып отыр. Зерттеушілер тұмау, қызылша және тәжді вирус секілді жұқпалы індеттердің даму процесін имитациялау арқылы компьютерлік моделді толықтырды, содан кейін ғалымдар таңдалған оншақты топ үшін оларды шамамен 100 000 рет қайта шығарып көрген. Аурудың өршу ауқымы макака инфекциясының бірінші жағдайына тікелей байланысты екені белгілі болды. Бұл тараптағы ахуал жабайы жануарлардың адамдармен кең ауқымды байланысы мен қатынасынан тіптен ушыға түскен. Жұқпалы ауру қатерін мейлінше азайту үшін адамдар тұтынатын азық-түлік сауда орындарынан, қоймадан жануарларды алыс ұстау қажет. Бұдан тек адамдар ғана емес, жануарлар популяциясы да зардап шегеді: адам мен бұл макака арасындағы тығыз қарым-қатынас аталған маймыл түрінің адамдар сияқты аурулармен бетпе-бет келуіне әкеледі. Бұл арада тәжді тажалға, тұмауға, қызылшаға, асқазан-ішек ауруларына және тыныс жолдарының қоздырғыштарына қатысты аурулар турасында сөз болып отыр. Дәлірегі, аталған кеселдерге маймалдырдың да шалдығу қатері жоғары. Жергілікті тұрғындар мен макакалардың қауіпсіздігін сақтау үшін не істеу керек? Зерттеушілердің пікірінше, адамдармен көбірек байланыста болатын жекелеген жабайы маймылдарды есепке алып, оларға екпе салу қажет. Бұл ықтимал аурудың алдын алуға бағытталған шара өз кезегінде түрлі аурулардың өршуін болдырмауға көмектеседі. 

0 пікір
Мұрағат