Маймылдың тағы бір түрі табылды
Маймылдың тағы бір түрі табылды
3 жыл бұрын 3175 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бразилия аумағынан маймылдың осы уақытқа дейін белгісіз түрі табылды. Мақұлықты профессор Орасио Шнайдердің құрметіне атады. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған маймылды Родриго Коста Араужо есімді ғалым тапты. Амазониялық Mico тобына жататын маймылдар аймақтағы кеңінен тараған әр түрлісі болып табылады, олар тіршілік ететін ортада соңғы 30 жыл ішінде ауыл шаруашылық жерлерін игеру мен пайдаланудағы өзгерістердің әлемдік жартысы орын алды. Бүгінде маймылдардың осынау түрлерін жойылуан сақтап қалу, адамдардың тікелей және жанама әрекеттерінен қорғап қалу бағытында ешқандай шара қолға алынбаған, өйткені, бұған ең алдымен маймылдардың терең зерттелмегені себеп болып отыр. Бұған қоса, амазониялық маймылдардың жалпы саны да белгісіз күйінде қалып отыр. Таяуда табылған M. Schneideri маймыл түрін ғалымдар 2019 жылы M. Emiliae тобының тағы бір түріне ұателесіп жатқызған еді. Бұл жолғы зерттеуде бұл қателік түзетілді. Ғалымдар M. Schneideri маймылдың жаңа түрін қазірші уақытта зерттеп жатыр әрі олардың санын анықтауға күш салады. Бұл жайт оларды жойылуға алып баратын кез келген әрекеттің алдын алуға көмектеседі.

figure1

figure2

figure3

figure4

figure5

figure6

Ұқсас материалдар:

«Таяуда табылған маймыл түрінің жойылу алдында тұрғаны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/tayauda-tabylgan-maimyl-turinin-joiylu-aldynda-turgany-belgili-boldy-video-14396/#gsc.tab=0);

«Тәжірибе жүргізілетін маймылдар тапшылығы артып келеді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/tajiribe-jurgiziletin-maimyldar-tapshylygy-artyp-keledi-15230/#gsc.tab=0);

«Әлемдегі ең ергежейлі маймыл» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/alemdegi-en-ergejeili-maimyl-fotovideo-10195/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат