Құрбанын жабысқақ шырын көмегімен өлтіретін жыртқыш өсімдік түрі табылды
Құрбанын жабысқақ шырын көмегімен өлтіретін жыртқыш өсімдік түрі табылды
3 жыл бұрын 2704 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Уашингтон университетінінің (UW)  ботаниктері Канада орманынан осы уақытқа дейін ғылымға да, адамзатқа белгісіз болып келген, Triantha occidentalis жалған алтын түсті жыртқыш өсімдіктің беймәлім түрін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы pnas.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жалған алтын түсті гүл – Солтүстік Американың таулы әрі солтүстік орманында өсетін шөптесін өсімдік. Ғалымдар оның жыртқыш өсімдік екеніне көз жеткізу үшін бұл бағытта арнайы жүргізіп көреді: ауыр азота-15 деп аталатын атомы шектен тыс көп жүздеген қара шыбынды өсіріп, оларды аталған өсімдік сабағына қондырады. Нәтижесінде азот-15 өсімдіктің жасушаларында жиналған. Осылайша аталған өсімдік азоттың шамамен 60%-ын алған әрі қоректенген. Оның жапырақтары мен өскіндеріне таралған. Бір қызығы, бұл жыртқыш өсімдіктің өзгеше ерекшелігі сонда – оның тұзағы гүл шоғырына өте ақын орналасқан. Мұндай жақындық бір қарағанда гүлдің қалыпты тозаңдануына кедергі жасайтындай көрінуі мүмкін, алайда, аталған өсімдік қорек пен «достарын» ажыра алатын қабілетке ие болып шықты. Ғалымдар өсімдіктің сабағынан жәндіктің дене тінін еріте алатын ферменті бар қызыл тамшыны байқаған болатын. Алайда, бұл тұзаққа тозаңдандырушы жәндіктер түспейтіні ғалымдардың назарын аударған еді – бұл тұзақ омыртқасыз жәндіктерді аулауға арналған болып шықты. Жаратушының әрбір жаратылысында артық нәрсе не кемдік жоқ екеніне тағы бәр мәрте көз жеткізесіз.

0 пікір
Мұрағат