Әлемдегі көлдердің жартысынан көбісі ортайып қалған
Әлемдегі көлдердің жартысынан көбісі ортайып қалған
1 жыл бұрын 1646 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

1990 жылдардың бас кезінен бастап, әлемдегі көлдердің шамамен 53%-ы индустрияландырудан, климат дағдарысынан, адамзат қарасының көбеюінен, гидрологиялық құрылғылардың құрылысынан ортайып қалған. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org жне EurekAlert ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жайт өз кезегінде аузсу тапшылығына, ауыл  шаруашылығын сумен қамтамасыз етуде қиындықтарға әкеледі. Әлем бойынша сұйық тұшшы су қорының 87 пайызы сақталатын көлдер орташа есеппен жалпы алғанда жылына 22 гигатонна су жоғалтады. Әсіресе, Орта Азия мен Таяу Шығыс аймақтарындағы көлдер қатты  зардап шеккен, бұдан бөлек, Финляндия, Канада, Австралия, Бразилиядағы көлдердің жағдайы да сын көтермейді. Ал Оңтүстік-шығыс Азия мен Қиыр шығыстағы көлдер суы ернеуінен асып жатыр. Бұл бағыттағы зерттеу барысында ғалымдар 1992 жылдан бері жер шарындағы ең ірі көлдер мен олардың су деңгейіне талдау жасап келеді. Барлығы 2000-ға жуық көлдің ахуалы спутниктік мәліметтер, сондай-ақ, климаттық және гидрологиялық моделдер негізінде бағаланды.

0 пікір
Мұрағат