|
Ірі қараның жаңа асыл тұқымы пайда болды
|
Қытайдың ауыл шаруашылық академиясының ғалымдары етті мал шаруашылығында бәсекеге төтеп беретін ірі қараның жаңа асыл тұқымын шығарғандарын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы Синхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Хуаси» деп аталатын ірі қараның жаңа тұқымы 40 жылдан аса жүргізілген селекция нәтижесінде пайда болды. Ол шапшаң өсіп, тез ет алады әрі кез келген климатқа бейімделе алады. Оны Қытайдың солтүстігінде де, оңтүстігінде де өсіруге болады. Ересек бұқасының салмағы шамамен 900 келіге дейін тартады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті
■
Солтүстік Корея “студенттік визаны” желеу етіп, жыл сайын еңбек мигранттары арқылы 800 млн долларға дейін пайда тауып отыр
■
Азиядағы ең үлкен шөл даладан жерасты суының мол қоры табылды
■
«Мен намаз оқығым келеді»: емханада қарт пациент медицина қызметкеріне имам болды