|
Акуланың жүргені алғаш рет таспаға тартылып қалды (видео)
|
Форрест Галанте есімді биолог жүретін Hemiscyllium ocellatum акуланың видеосын жариялапты. Бұл жайында islam.kz порталы LiveScience ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Папуа – Жаңа гвинея жағалауында аталған акуланы таспаға тартып алыпты. Hemiscyllium ocellatum – теңіз зілі (морж) секілді ебедейсіз жүретін мысық көзі акула. Осынау өзгеше тіршілік иесі немесе теңіз жануары өз кезегінде құрлықта 30 метрге дейін қашықтықты бағындыра алады, бір сағат уақыттай тыныс алмауға үйренген. Бойының ұзындығы бір метрге дейін жететін аталған балық соңғы он миллион жылда жүруді үйренген, бұл жылдам эволюция көрсеткіші саналады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді