Еуропалық ел галстук тағудан бас тартуға шақырып жатыр
Еуропалық ел галстук тағудан бас тартуға шақырып жатыр
2 жыл бұрын 1449 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Jozsef Hocza / Unsplash

Испания министрлер кабинетінің жетекшісі Педро Саншес ел тұрғындарын электр энергиясын үнемдеу үшін галстук тағудан бас тартуға шақырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Испанияның үкіметбасының өзі өзгелерге үлгі көрсету үшін галстук тақпайтын болған. Премьер галстук тағу мен электр энергиясы арасында қандай байланыс барын былайша түсіндіріп отыр: галстук таққан адам пысынайды, әрбірден соң ыстықтайды, бұл жайт өз кезегінде жабық ғимараттар ішіндегі желдеткішті әрдайым қосып қоюға итермелейді. Желдеткішті ажырату арқылы электр энергиясының мол мөлшерін үнемдеуге болады. Испанияның премьері тек қарамағындағы министрлерге ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік секторда жұмыс істейтіндерге де осылайша үндеу тастаған. Қазіргі уақытта Испания үкіметбасы елде энергияны үнемдеуге бағытталған жедел іс-шараларды қабылдамақ.

0 пікір
Мұрағат