Жалған сөйлеудің адам психикасы мен физиологиясына әсері зерттелді
Жалған сөйлеудің адам психикасы мен физиологиясына әсері зерттелді
2 жыл бұрын 1677 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар өтірік айтудың, тіпті, зиянсыз өтіріктің өзі адамның психикасы мен денсаулығына қалай әсер ететінін зерттеп көрген екен. Бұл жайында islam.kz порталы Rap.in ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өтірік айту немесе жалған сөйлеу – түрлі ахуалға байланысты (өз-өзін ақтау, әсер мақтау, т.б.) көрініс табатын, қалыпты жағдайға айналған тілдесудің түрі десе де болады. Өтірік айтудың өзі тек бірыңғай жағымсыз жақтан тұрмайды, науқастың көңілін аулау үшін жалған сөйлеудің, т.б. айыбы жоқ, солай дегенмен, жалған сөйлеу жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығу қатерін бірден 30%-ға арттырып жіберетіні белгілі болып отыр, бұдан бөлек, адамның жиі басы ауыратыны да анықталды (қан тамырларының тарылуына байланысты миға оттегінің аз баруынан). Өтірік айту стресс тудыратындықтан адам сырттай сабырлы көрінгенімен іштей қобалжуды бастан кешеді. Нотр-Дам университетінің (АҚШ) мамандары бұл тарапта ауқымды тәжірибе жүргізген екен - олар апта сайын өтірікті әшкерелеу детекторында жүзден астам адамды тексерді, тәжірибеге қатысушылардың жартысына мезгіл-мезгіл өтірік айтуға рұқсат берілді. Аталған аппаратпен тексеру кезінде күмән тудырмаған тәжіриеге қатысушылардың денсаулық көрсеткіштері жоғары болған, шындықты айтқандардың стреске аз ұшырайтыны да белгілі болды. Ал Дейдра Ли Фицджеральд есімді ғалым өтірік айтуды әдетке айналдырғандардың күйзеліс секілді қатерлі дертке шалдығатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат