Жаңа зәулім ғимарат қала ауасын тазартуда 48 500 ағашты алмастыра алады (видео)
Жаңа зәулім ғимарат қала ауасын тазартуда 48 500 ағашты алмастыра алады (видео)
2 жыл бұрын 1511 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бірыңғай жасыл (табиғи әрі экологиялық зиянсыз) материалдардан тұрғызылатын зәулім ғимарат атмосферадан көмірқышқыл газын аулап, ауаның ластану деңгейін төмендететін болады. Бұл жайында islam.kz порталы som.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көпке белгілі Skidmore, Owings & Merrill (SOM) сәулет фирмасы жаһандық жылыну мен оның салдары болып табылатын климат өзгерісіне себеп болып отырған атмосфераның парникті газбан ластану деңгейін төмендету үшін экологиялық зәулім ғимарат жобасын ұсынды. Айналасындағы ауаны парникті газдан тазартатын аталмыш жоба таяу болашақта кеңінен қолданылуы мүмкін. Urban Sequoia («қалалық секвойя») концептісі бойынша. Жоба құрлысының материалы қарасора бетоннан, ағаштан, биобетоннан тұрады. Жылына 1000 тонна көміртегін аулайды – яғни, 48500 ағаштың орнын алмастыра алады атмосферадағы парникті газды сіңіруде. Ғимараттың өзі бір-біріне кіріктірілген көміртегін аулау технологиясымен жабдықталады. Ауланған көміртекті түрлі өнеркәсіп қосымшаларында пайдалануға болады. Біріктірілген биомасса мен балдырлардың көмегімен қасбеттер ғимаратты жылыту жүйелері, автокөлік, тіпті, ұшақ үшін биоотын көзіне айналдыра алады.Сарапшылардың есебінше, бүгінде әлем бойынша атмосфераға бөлінетін ластаушы заттардың 40%-ы осы құрылыс саласына тиесілі екен

Urban Sequoia
Urban Sequoia
Urban Sequoia
Urban Sequoia
Urban Sequoia
© SOM
 
0 пікір
Мұрағат