Адамзат жаһандық жылыну салдарынан «Үңгір жобасымен» құтылуы тиіс...
Адамзат жаһандық жылыну салдарынан «Үңгір жобасымен» құтылуы тиіс...
2 жыл бұрын 2026 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Dezeen Redesign the World  байқауының жүлдегері Деннис Кристиан Шмидт (Dennis Christian Schmid) жерасты қаласының құрылысын салуды ұсынып отыр. Адамзатты климат дағдарысынан пайда болатын табиғи апаттардан сақтап қалудың амалы ретінде айтылды бұл ұсынысы. Бұл жайында islam.kz порталы Dezeen ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның бұл ұсынысы бір қарағанда ақылға сыйымсыз немесе көңілге қонымсыз көрінгенімен нақты жүзеге асыруға келетін жоба ретінде бағаланады. Аталмыш жоба «Үңгір қала» (Cave City) деген атауға ие болды – жер бетінен ондаған метр тереңдікте көлдің маңайында орналасатын тұрғын үй кешендерінен тұрады. Сәулеті жағынан туристер тамашалайтын Колизейге ұқсас келеді. Үй төбесін желдеткіш жүйесін жабдықтайды. Осылайша онда адамдар ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсіре алатын болады. Тұрғындар аудандар арасында метро арқылы қатынайды. Деннис Кристиан Шмидттің айтуынша, климат өзгерісі мен табиғи апаттардан адамзат өмір сүруге қолайлы, қауіпсіз, балама кеңістікті іздеуге мәжбүр болатын кезең жақындап келеді. Сол себепті, аталмыш жобаны «ертеңді күнді кеш қылмай», яғни, уақыт оздырмай осы бастан қолға алуы тиіс. Осылайша адамзат тасқын-селден, дауылдан, аптап ыстықтан қорғана алады.

0 пікір
Мұрағат