Арабияда жаңғыртпалы энергия көзінен қуат алатын, суда қалқымалы қала салынады (видео)
Арабияда жаңғыртпалы энергия көзінен қуат алатын, суда қалқымалы қала салынады (видео)
2 жыл бұрын 1478 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның пәрменімен тек бірыңғай жаңғыртпалы энергия көздерімен жұмыс істейтін, Қызыл теңіздің жағалауға жақын тұстан суда қалқымалы қала салынбақ. Футуристік болашақ қаланың атауы – OXAGON. Бұл жайында islam.kz порталы prnewswire.co.uk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізінде OXAGON қаласы – Таяу Шығыс тұрмақ, әлемде теңдесі жоқ NEOM жобасының бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр. OXAGON айлақтармен және әуежайлармен біріктірлетін технологиялық логистикалық орталыққа айналады. Аталған қала 100% жаңғыртпалы энергия көздерінен алынған энергияны ғана тұтынатын болады. Қала нысандары мен инфрақұрылы, телекоммуникациясы осы заманғы озық технологияға, цифрлы жүйеге, экологиялық талаптарға негізделіп салынады, соның ішінде жасанды зерде, роботтехника, адам мен машина синтезі, заттар интернеті (IoT) пайдаланылады. Дегенмен ауқымбы амбициялық жобаның қаншаға бағаланғандығы турасында дерек әлі айтылған жоқ.

0 пікір
Мұрағат