Садақаны мешітте беруге тыйым салынды
Садақаны мешітте беруге тыйым салынды
2 жыл бұрын 2320 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяу Шығыстағы аса ірі мұсылман елі саналатын Мысырда тиісті құзырлы орын тарапынан садақаны мешітте беруге тыйым салынатын шешім қабылданды. Бұл жайында islam.kz порталы Al-Ahram ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пирамидалар елінің діни ағарту министрлігі мұндай ереженің қауіпсіздік шарасы ретінде қолданысқа енгізіліп отырғанын түсіндірді. Әдетте мешіттегі садақа арнайы жәшікке салынады, алайда, ол жиі ұрланады, бұдан бөлек, садақадан жиналған қаражаттың қайда жұмсалатыны да құпия қалып жатады. Аталмыш ереже талаптарына байланысты мысырлық мұсылмандар садақасын Діни ағарту министрлігінің екі шотының біріне немесе екеуіне де қатар аудара алады. Бірі – мешіт құрылысы мен мешіттің керек-жабдығына, ал екіншісі тұрмысы төмен жандардың мұқтажына жұмсалатын болады. Бүгінгі таңда Мысыр мешіттеріндегі садақа жәшіктерінің саны шамапен 140 мыңға жеткен. Жаңа ережеге байланысты садақа жәшіктері он күннің ішінде мешіттен алынуы тиіс.

0 пікір
Мұрағат