Дарвин теориясының негізсіз екенін батыс ғалымдары да мойындай бастады
Дарвин теориясының негізсіз екенін батыс ғалымдары да мойындай бастады
6 жыл бұрын 4426 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Боулдер қаласында орын тепкен Колорадо университетінің ғалымдары Дарвиннің экологиялық гипотезасында бұрын белгісіз болып келген экологиялық тетіктің ескерілмегенін жеткізді. Дарвиннің экологиялық гипотезасының басты тезисі түрлердің таралуы түрлі деңгейде қоршаған орта факторларына және өзге ағзалардың әсеріне тәуелді екендігіне саяды. Белгілі болғандай, ағза стрестік жағдайда өзге түрлермен арадағы бәсекелестік салдарын аз сезінетін болады. Дарвиннің пікірі бойынша қолайсыз қоршаған орта жағдайында, мәселен, шөлде, мәңгі мұздақта, т.б. түрлердің өсіп-өнуі мен таралуына қоршаған орта температурасы мен өзге де климаттық факторлар шешуші рөл ойнайды. Алайда, бұл факторлар өз шарықтау шегіне жеткенде ағзалардың өзара байланысқа түсетіні белгілі болып отыр. Ал Дарвиннің пайымдауынша, мысалы, өсімдіктерге келсек, бұл процесс түрлердің әр алуандығының артуын және олардың тығыз жағдайда өсуіне алып келмек. Ғалымдар осы орайда төрт жыл бойы ылғалдылығы түрліше Кенияның орталығындағы үш егістік алқабында Hibiscus meyeri деп аталатын гибискус популяциясының динамикасын бақылаған. Дарвиннің айтып кеткеніндей, жәндіктердің тозаңдатуы, шөп қоректілердің жайылуы және өзге өсімдіктермен бәсекелесуі ылғалды жер телімінде гибискус ареалының белгілі бір шекарасын анықтап бермек. Алайда, құрғақ территорияда да бұл факторлар өсімдіктің өсіп-өнуіне тигізген әсері аз болған. Ғалымдардың тұжырымдауынша, өсімдіктердің өсіп-өну тығыздығы мен әр алуандығы гибискустың өсіп-өнуінде маңызды рөл ойнамайды. Бұл факторлар түрлі жер телімдерінде сол бір деңгейде қалмақ. Алайда, ылғалдылық алдыңғы орынға шығып, олардың өсіп-өнуін, тірі қалуын және көбеюін тежеп, шектейді. Айта кетейік, осы заманғы эволюция теориясында Дарвиннің идеясы қайта қаралып жатыр. Мәселен, 1960 жылы бейтарап эволюция теориясы пайда болды. Бұл теорияға сәйкес шағын популицияларда табиғи іріктелу процесі жүрмейді десе де болады, ал жаңа түрлері кездейсоқ пайда болмақ. 

0 пікір
Мұрағат