Ғалымдар семіздіктің кесірінен адамзаттың қанша жыл өмірін жоғалтқанын анықтады
Ғалымдар семіздіктің кесірінен адамзаттың қанша жыл өмірін жоғалтқанын анықтады
1 жыл бұрын 1023 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Артық салмақ жүрек пен қан тамыр ауруларына ұрындырып, сүйекке салмақ түсіреді, бұдан бөлек, онкологиялық дерке шалдықтыру қатерін арттырады. Семіздік індеті бірден емес, біртіндеп адам өмірін жалмайтын дерт. Осыны ескерген ғалымдар осы күні артық салмақтың адам ғұмырын қаншалықты қысқартатынын есептеп көрген екен. Бұл жайында islam.kz порталы Cell Metabolism ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келтірген мәліметіне қарағанда, әлемдегі ересек тұрғындарының кем дегенде 13%-ы артық салмақтан зардап шегеді және бұл өмір сүру сапасы мен ұзақтығына айтарлықтай әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар, экономикалық зиян келтіреді. Ғалымдар бұл тарапта әлемнің 162 елінде жүргізілген кем дегенде 9 000 зерттеу нәтижелеріне талдау жасап, сараптамадан өткізген екен. Метаболикалық ауруларға (оргаизмнің зат алмасуын бұзатын) ерекше назар аударылды: семіздік, гипертония, 2 типті қант диабеті, жоғары холестерин және т.б. Аурудың ауырлық дәрежесінің ең үлкен өсімі орташа табысы, білім деңгейі және туу деңгейі жоғары елдерде байқалды. Дегенмен, дүние жүзінде метаболикалық аурулардың ауырлығы біркелкі болмаса да артып келеді, делінген баяндамада. Деректерге сүйенсек, артық салмақ мәселесіне байланысты адамзат жалпы 160 миллион жыл өмірін жоғалтқан. Ғалымдар аймақтық және әлеуметтік-экономикалық деректерді ескере отырып, жеке, қоғамдастық және ұлттық деңгейде тиімді профилактикалық және емдік стратегияларды енгізу қажет екенін алға тартып отыр.

Ұқсас материалдар:

«Семірудің ең басты себебі айтылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/semirudin-en-basty-sebebi-aityldy-14995/#gsc.tab=0);

«Семіздік індетінің тағы бір себебі белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdik-indetinin-tagy-bir-sebebi-belgili-boldy-13342/#gsc.tab=0);

"Тәбетті басқару немесе семіздікті емдеу тетігі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/tabetti-basqaru-nemese-semizdikti-emdeu-tetigi-tabyldy-15297/#gsc.tab=0);

"Қай тағамға тәбеті тартып тұратынына қарап, адамның денсаулығында қандай кінәрат барын білуге болады – ғалымдар" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-tagamga-tabeti-tartyp-turatynyna-qarap-adamnyn-densaulygynda-qandai-kinarat-baryn-biluge-bolady-galymdar-13925/#gsc.tab=0);

"Семіздікті қауіпсіз жолмен емдеудің тәсілі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdikti-qauipsiz-jolmen-emdeudin-tasili-tabyldy-15256/#gsc.tab=0);

«Семіздікті «ауыздықтаудың» тиімді әрі қауіпсіз тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdikti-auyzdyqtaudyn-tiimdi-ari-qauipsiz-tasili-tabyldy-14943/#gsc.tab=0);

«Семіздікті емдеудің тағы бір тиімді тәсілі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdikti-emdeudin-tagy-bir-tiimdi-tasili-paida-boldy-15369/#gsc.tab=0);

 «Семіздік те жұқпалы болып шықты – оның індет екені расталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/semizdik-te-juqpaly-bolyp-shyqty-onyn-indet-ekeni-rastaldy-12772/#gsc.tab=0); 

"Ғалымдар семіздік генін бұғаттауды үйренді" (http://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-semizdik-genin-bugattaudy-uirendi-12511/#gsc.tab=0); 

«Артық салмақтың алжуға ұрындыратын қатері анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/artyq-salmaqtyn-aljuga-uryndyratyn-qateri-anyqtaldy-16395/#gsc.tab=0);

«Артық салмақ қосудың жасырын себебі» (https://islam.kz/kk/news/arturli/artyq-salmaq-qosudyn-jasyryn-sebebi-17184/#gsc.tab=0);

«Жас ұлғайған сайын салмақ қосу ұзақ ғұмырдың белгісі болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jas-ulgaigan-saiyn-salmaq-qosu-uzaq-gumyrdyn-belgisi-bolyp-shyqty-14812/#gsc.tab=0);

«Әлемдегі әрбір 10-шы адам семіздіктен зардап шегеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-arbir-10-shy-adam-semizdikten-zardap-shegedi-14837/#gsc.tab=0); 

«Адамның аз уақыт ішінде артық салмақ жинауының бес себебі айталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-az-uaqyt-ishinde-artyq-salmaq-jinauynyn-bes-sebebi-aitaldy-14827/#gsc.tab=0); 

«Ер адамдардың ыстық кезде артық салмақ қосатыны айтылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/er-adamdardyn-ystyq-kezde-artyq-salmaq-qosatyny-aityldy-17106/#gsc.tab=0);

«Адамдардың салмақ тастау барысында жіберетін қателіктері» (https://islam.kz/kk/news/arturli/paidaly-kenester/adamdardyn-salmaq-tastau-barysynda-jiberetin-qatelikteri-6357/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат