Бирмингем университеті: діндарлық Паркинсон ауруынан сақтайды
Бирмингем университеті: діндарлық Паркинсон ауруынан сақтайды
2 ай бұрын 660 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бирмингем университетінің ғалымдары бұл бағытта талай жыл бойы зерттеу мен деректерге талдау жүргізіп, атеизм немесе діндарлықтың төменгі деңгейі ми ауруларына, соның ішіне мидың ауыр дертіне шалдықтыру қатері жоғары болатынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Рsychologies ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұны анықтау үшін Абидеми Идову Отаику есімді ғалым (Ұлыбритания) 2010-2019 жылдарға арналған ағылшынның қартаю жөніндегі ұзақ мерзімді жобасының (ELSA) және Америка Құрама Штаттарындағы Ұлттық Қартаю Орташа Жасы Институтының (MIDUS) 1995-2014 ж.ж. зерттеулерінің нәтижелерін зерттеді. Осылайша, дін адам өмірінде ешқандай рөл атқармайды деп есептейтін адамдардың Паркинсон ауруына шалдығу қаупі дінді ұстанатын адамдармен салыстырғанда он есе артық болды. Бұл тараптағы тәжірибеге қатысқан 9 796 адам белгілі бір діни әдет-ғұрыптарға қаншалықты жиі уақыт бөлетінін, діни ұйымдарға баратынын немесе бармайтынын, құлшылық ететінін немесе етпейтінін көрсеткен. Абидеми Идову Отаикуның айтуынша, қоғамда дінге сенбейтін адамдардың қарасы көп болғандықтан мұндай зерттеудің маңызы зор. Бұдан бөлек, бұл тараптағы зерттеуде белггілі бір шектеу барын айта кету керек – діндарлық пен руханият ұғымдарының бір-бірінен айырмашылығы ескерілді. Дінге сенбесе де руханияттың маңызын жоққа шығармайындардың өздері Паркинсон дертіне шалдығу қатері жоғары болып шыққан.

0 пікір
Мұрағат