|
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
|
Соңғы жылдары қай мемлекетті алмаңыз, қоғамдық орындарда жасанды зерде технологиясымен жабдықталған бақылау камералары көптеп орнатылып жатыр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатының астарында азаматтардың әр қимылын бағып, жүріс-тұрысын қадағалайтын технологияның жаппай енгізілуі өз кезегінде адамның жеке басының құпияларының қолды болу немесе елге таралу қатерін арттырады. Бұл жайында islam.kz порталы Africa News ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АІ көмегімен қадағалауға және аңдуға қарсы сән үлгілерін пайдалану - лейпцигтік Urban Privacy стартапының тұжырымдамасы. Никол Шеллер және Даниэл Проес есімді дизайнерлер, міне, бірнеше жылдың жүзі болды, трекингке қарсы күртеше сияқты өнімдерді әзірлеп келеді. Мұндай киім үлгілері адамды жасыра алмаса да оны қадағалауды қиындатады. Курткаларда AI-камераларды шатастыратын адамның бет-әлпетіне ұқсас өрнек бар. Асимметриялы, еркін монтаждау да камераға тап болған адамның жынысын анықтауды қиындататын бағдарламалық жасақтамамен жабдықталған. Никол Шеллердің айтуынша, бүгінгі күннің басты ресурсы - цифрлы деректер. Бұл құнды ресурсты қорғаудың маңызы зор. Қауіпсіздіктен бастап, қоғамның автократиялы сипат алуына жол бермейді. Мұндай ресурсты қорғау үшін тек сән үлгілері қолданылмайды, сонымен қатар, смартфон арқылы адамның қайда жүргенін, кімдермен хабарласқанын жасырудың да маңызы зор. Стартаптың бестселлері - смартфонға арналған сөмке, ол телефонды желіден толығымен ажыратады. GPS бақылау да бұғатталған, сондықтан енді телефонды бақылауға келмейді. «Urban Privacy» идеясы Никол Шеллер киім дизайнын зерттегенде пайда болды. Ол кез қарсы бақылау жобаларымен жұмыс істеп жүрген шағы болатын. "Бақылау жүйесі - бұл бірінші кезекте тұлғаларды қадағалауға негізделген, ал сән - бұл бірегейліктің сыртқа көрінісі. Сондықтан, менің ойымша, сән үлгілерін адамның талғамын танытатын, даралығын ашатын құрал ретінде де, сонымен қатар, сән үлгілері елдің назарына өзіне аударатындықтан адамның жеке басының мәліметтерін жасырудың да маңызы зор. Мұндай шын мәнінде ерекшеленеді, мысалы, QR-коды бар шарф. Біреу оны суретке түсіргісі келсе, дисплейде сілтеме пайда болады: no-photos-pls.com деген. Адамның биометриялық мәліметтерін жинайтын ақылды камералар тек автокартиялық елдерде ғана емес, сонымен бірге, демократиялық мемлекеттерде де кеңінен таралып келеді.