|
Қытай билігі жасанды зердемен романтикалық қатынас құруға тыйым салды
|
Қытай халық республикасының министрлер кабинеті романтикалық қатынасты немесе туыстық жақындықты имитациялайтын иммерсивті нейрожеліні пайдалануға қатаң шектеу енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бес мемлекеттік ведомство, соның ішінде Қытайдың кибернетикалық әкімшілігі азаматтардың алгоритмдерге эмоциялық тәуелділік қаупін тежеудің жаңа ережелерін әзірледі. Ереже талаптарына сай жасанды зерде үлгілерін әзірлейтіндерге технологияны пайдаланушыларға шамадан тыс әсер ететін немесе олардың нақты әлеуметтік байланыстарына зиян келтіретін цифрлық көмекшілер құруға тыйым салады. Сондай-ақ, платформалар енді айрықша эмоцияларды тану жүйелерін және дағдарысты шешуге араласу тетіктерін енгізуге міндетті. Қытайдың ірі технологиялық компаниялары өз платформаларында кастомдық виртуалды агенттер мен компаньондардың функцияларын өшіре бастады. Осылайша жасанды зерденің адамға тән сезімдерді имитациялау арқылы туыстарды немесе адамның жақын серігін алмастырмауы тиіс. Технология отбасы құндылықтарын әлсірететін күшке айналмауы тиіс. Жаңа тыйым адамның жеке қасиеттері мен қарым-қатынас стиліне ие антропоморфты AI-құралдарға қатысты қолданылады. Бұл ретте жұмыс ассистенттері, оқу құралдары немесе қолдау қызметтері сияқты тұрақты эмоциялық өзара іс-қимылсыз сервистер жұмысын шектеусіз жалғастырады. Заң, сондай-ақ, кәмелетке толмаған пайдаланушыларға виртуалды серіктес тауып бпруге толық тыйым салады.