|
Жасанды зерденің ең басты қатері - қате жауабында немесе адамды алдауында емес, басқада…
|
Адамды өзіне тәуелді ету жағынан әлеуметтік желі мен ойындардың үлесі жоғары. Десе де бұл тарапта жасанды зерде ойындар мен әлемжелісін ығыстырып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Медиа, жасанды зерде және коммуникация аспектілерін зерттеген сарапшылар күйзеліс ауруынан зардап шегетіндер қарасының күрт артуына технологиялық компаниялардың ең басты кемшілігін жатқызып отыр, дәлірегі, адамдардың конгнитивті қабілетін шектейтін өнімдерді ұсынуынан көреді. Бұл қатерді ескермейтіндігінен немесе осы қауіпті еңсере алмайтындығынан көріп отыр. Тіпті, суицидке итермелейтін контенттердің өзін тежей алмайтын қауқарсыздығын технологиялық компаниялардың басты қателігі ретінде қарастырады. Жасанды зерде жауаптардың бірнеше нұсқасын ұсынады, олардың арасында дипфейк те, қате жауап та болуы мүмкін. Десе де сарапшылар мұндағы ең басты қатерді АІ үлгілерінің адамды адастыратын алдау мүмкіндігінен емес, адамды өз бетінше ойлау қабілетінен айыратындығынан көріп отыр. “Ойлау - адамның қадір-қасиеті”. Адамның күллі тәршілік иелерінен артықшылығы - осында. АІ осы артықшылығынан айыруы әбден мүмкін.