|
Баллистикалық және қанатты зымырандардың айырмашылығы неде?
|
Баллистикалық зымыранның соққысы жойқын әрә қуатты болса да қанатты зымырандар әмбебап қару түріне жатады. Бұл жайында islam.kz порталы Interesting Engineering мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Баллистикалық зымыран мен қанатты зымыран арасындағы айырмашылық олардың қандай мақсатта қолданылатындығында және оқ-дәріні нысанаға жеткізу әдісінде жатыр. Екеуі де замануи соғыста кеңінен пайдаланылатынына қарамастан олардың әскери тапсырманы орындаудағы маңызы екі бөлек болып келеді.
Басты айырмашылықтары бес негізгі аспектіден көрініс табады:
- Ұшу траекториясы: Баллистикалық зымырандар үлкен биіктікке көтеріле отырып (кейде атмосферадан шығып), параболикалық траектория бойынша ұшады, ал қанатты зымырандар радиоэлектрлі құралдардан жасырыну үшін жердің бедерін жиі айналып ұшатын ұшақтар сияқты ұшады, яғни, биіктігі атмосферадан ары аспайды.
- Жылдамдық: баллистикалық зымырандар көз ілеспес жылдамдықпен ұшады. Олардың соңғы кезеңдегі орасан зор жылдамдығы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің жауап қату уақытын мейлінше қысқартады. Тіпті, атып түсіруге уақыт қалдырмайды десе де болады.
- Дәлдігі мен маневрлігі: Қанатты зымырандар дәлдікпен артықшылыққа ие, өйткені, олар навигациялық артықшылығына байланысты жол бойы өз бағытын түзетуге (бағдарынан жаңылмауға) қабілетті. Олар қарсы тараптың радарын алдау немесе жасырыну үшін және нақты шағын өлшемді объектіге соққы беру үшін күрделі маневрлерді орындай алады.
- Қашықтығы мен қуаты: Баллистикалық зымырандар оқ-дәрінің мол мқлшерін діттеген жеріне жеткізе отырып, мыңдаған шақырымды еңсеруге қабілетті. Осының арқасында олар стратегиялық тежеу мен ядролық арсеналдың іргетасына айналды.
- Көрінуі: Қанатты зымырандарды қағып түсіру техникалық тұрғыдан оңай болғанымен, өте төмен биіктікте ұшуына байланысты табу қиынға соғады. Баллистикалық зымырандар, керісінше, өздерін қуатты жылу ізімен және жоғары траекториямен бірден шалынады, алайда, оларды қағып түсіру өте қиын.
Айналып келгенде екеуі де майдан даласындағы ахуалға қарай, дәлірегі, тактикалық мақсатқа қарай қолданылады. Баллистикалық зымыран алыстан шұғыл әрі қуатты
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Үнділер көлігін сиыр тезегімен жүргізеді
■
Еуропа еліндегі мешіттерге әр 5 күн сайын бір шабуыл жасалады