Түркия жаңа зымыранын сынақтан өткізді (видео)
Түркия жаңа зымыранын сынақтан өткізді (видео)
21 күн бұрын 584 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түріктер 800 шақырым қашықтыққа дейін ұшатын ТAYFUN Block-3 жаңа баллистикалық зымыранын сынақтан сәтті өткізді. Сынақ барысында ROKETSAN компаниясы құрастырған зымыран теңізде жүзіп бара жатқан нысанаға дәл тиіп жойды. Бұл жайында islam.kz порталы Нaber Тurk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түрік тарапының мәліметі бойынша баллистикалық зымыран ұшудың соңғы кезеңінде өзін-өзі бағыттау қалпақшасын пайдаланып, дыбыстан жылдам қозғалып, нысанаға дәл тиген. Осылайша әлемде кемеге қарсы қару ретінде баллистикалық зымыран қолданылатын сирек жағдай бодды. TAYFUN аз қашықтықтағы баллистикалық зымырандардың бағдарламасы бойынша құрастырылды. Аталмыш зымыранның алдыңғы нұсқалары шамамен 500-800 шақырым қашықтыққа дейін қшатын, ал Block-3 нұсқасы нысананы көздеу және зақымдау мүмкіндіктері жақсартылған неғұрлым озық модификация (яғни, жетілдірілген нұсқасы) ретінде қарастырылады. Сынақтың басты ерекшелігі зымыран стационарлық нысанға емес, қозғалыстағы нысанға бағытталған. Бұл сынақ Түркияның алыс қашықтықтағы кемелер мен шағын кемелерді жою қабілетін көрсетеді. Бұл қару Жерорта теңізінде басымдыққа ие болуына мүмкіндік беруі мүмкін. Қазіргі уақытта Түркияның қару-жарақ арсеналында 322 баллистикалық зымыран бар. Баллистикалық зымыран саны жағынан әлемде жетінші орында тұр.  TAYFUN зымырарының алғашқы нұсқасының ұшу қашықтығы 561 шақырымды құраған еді. Бұл көрсеткішті болашақта 1000 шақырымға жеткізуді көздеп отыр. Қазіргі, яғни, соңғы нұсқасының ең басты екі артықшылығы:  Дыбыстан да жылдам: Ұшудың соңғы кезеңінде зымыранның жылдамдығы 5 Маха көрсеткішінен асады. Зымыран ұшудың жоғары жылдамдығы мен траекториясының арқасында қазіргі заманғы әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарымен ұстап қалуға мүмкіндік бермейді. Хирургиялық дәлдік: Әзірлеушілер, тіпті, шағын өлшемді теңіз нысаналарын зақымдау мүмкіндігі туралы мәлімдейді.

0 пікір
Мұрағат