Арам шөпті өзі тауып, өзі жұлатын робот құрастырылды (видео)
Арам шөпті өзі тауып, өзі жұлатын робот құрастырылды (видео)
2 жыл бұрын 2204 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дихандар мен фермерлер немесе шаруа қожалықтары қаулап өсетін арам шөптің қаншалықты әуреге салатынын жақсы біледі. Гербицидпен егістік алқабын өңдеу қып-қызыл шығын әрі қоршаған ортаға едәуір зиян шектіреді. Solix деп аталатын ауыл шаруашылығына арналған робот бұл проблеманы еңсеруге мүмкіндік береді, дәлірегі, арам шөп өскен жерді тауып, дәл нысанаға алу тәсілімен жояды. Бұл жайында islam.kz порталы solinftec.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Solix - америкалық-бразилиялық Solinftec компаниясының туындысы. Ол төрт күн панелімен жабдықталған. Егістік алқапты аралап жүріп, робот-фермер кез келген өсімдікті мұқият сканерлейді. Одан ары Елис деп аталатын жасанды зерде жүйесі жұмысқа кіріседі, ол арамшөп пе, жоқ па деген қорытынды шығарады. Робот барлық арамшөптерді гербицидпен автоматты түрде өңдейді. Сонымен қатар, Solix арамшөптерді анықтау және өңдеу орындарын көрсететін егістіктің цифрлық картасын жасайды. Solinftec мәліметі бойынша мұндай құрылғының біреуі егістік конфигурациясына байланысты тәулігіне 40 гектарға дейін жерді өңдей алады, жарықтандыру жүйесі мен күндізгі күн батареяларынан қайта зарядталатын батареяның арқасында осынша аумақты өңдей алады. Solix-тің бұл нұсқасы бидай, соя және жүгері егілген жерлерге арналған. Сондай-ақ, компания АҚШ-тағы далалық сынақтар кезінде оны қолдану гербицидтерді пайдалану мөлшерін 70% азайтуға көмектескенін айтты. Робот фермер саудаға 2023 жылы шығарылады.

0 пікір
Мұрағат