Жағымсыз жаңалықтарға тәуелділердің (думскроллинг) тән мен жан саулығына кері әсері болатыны анықталды
Жағымсыз жаңалықтарға тәуелділердің (думскроллинг) тән мен жан саулығына кері әсері болатыны анықталды
2 жыл бұрын 1700 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Техас технологиялық университетінің ғалымдары 1,1 мың адамға зерттеу жүргізе келе осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеуге тартылған адамдардың 16,5%-нан жағымсыз жаңалықтарды ауыр қабылдайтыны әрі денсаулығы сыр бергені байқалған. 27,3%-ы орташа деңгейде зардап шегетіні белгілі болды. Қалғаны жағымсыз жаңалықтарды оқығанымен жете мән бермейтіні әрі соған байланысты денсаулығында кінәрат жоғы анықталған. Жағымсыз жаңалықтар тұтқынында қалған адам торығуға бейім келетіні, сондай-ақ, айналасындағылардан қауіптеніп өмір сүретіні белгілі болды. Осыдан жиі стреске ұшырап, күйзеліске брй алдыратыны да анықталған. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Брайан Маклафлиннің есімді ғалымның айтуынша, адамдар тұйық шеңберден шыға алмай қалады. Дәлірегі, өзінің алдындағы жағымсыз жаңалықтан алған кері әсерін сейілту, яғни, өзіне жұбаныш іздейтін жаңалықтар іздеу үшін одан бетер жаңалықтар таспасына күні бойы үңіліп, «ауру үстіне ауру жамайды». Осылайша толыққанды өмір сүруіне кедергі келтіретін әдеттен арыла алмайы. Думскроллингтердің 74%-ы психикалық ауытқуға ұшыраған, ал 61%-да ұдайы стрестен денсаулығында кінәрат пайда болған. Басқа топтарда бұл көрсеткіш тиісінше 8% және 6,1% құраған

0 пікір
Мұрағат