Араб елі жасанды зердені пайдаланудағы кереғарлықты анықтады
Араб елі жасанды зердені пайдаланудағы кереғарлықты анықтады
6 минут бұрын 9 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі он қызметкердің тоғызы аптасына кемінде бір мәрте жасанды зердені қолданады, алайда, технологияның арқасында үнемделген уақыттың барлығын дерлік оның жұмысының нәтижелерін тексеру мен түзетуге жұмсауға тура келеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Khaleej Times ақпарат көзіне жөн сілтеген BUSINESS EMIRATES агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай дерек Workday компаниясының «БАӘ-дегі АІ-дің өнімді жұмысы және нақты құндылығы» зерттеу нәтижесінде айтылған. Орташа есеппен алғанда, АІ-ды пайдалану қызметкерлерге аптасына 3,6 сағат үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте олар 3,4 сағатты жасанды зерде жасаған сапасыз контентті нақтылауға, түзетуге немесе қайта жазуға жұмсайды. Бұл тараптағы сауалнамаға қатысқандардың 90%-ы оны аптасына кемінде бір рет, 58% - аптасына бірнеше рет пайдаланады, ал 18%-ы күн сайын АІ-мен жұмыс істейтін болып шықты. Директорлар мен жоғары буын басшыларының жартысынан астамы осындай құралдарды апта сайын пайдаланады. Бұл ретте компаниялар АІ есебінен үнемделген уақытты шығыстарды қысқартуға ғана бағыттамайды. Шамамен 33%-ы босаған уақытты штатты кеңейтпей жұмыс көлемін ұлғайту үшін пайдаланады. Тағы 32%-ы үнемделген ресурстарды қызметкерлерді оқытуға және біліктілігін арттыруға жұмсайды. Осыншама компания технология мүмкіндіктерін жұмыс ауыртпалығын басқару, жұмыстың икемділігін арттыру және қызметкерлердің әл-ауқатын қолдау үшін пайдаланады. Ұйымдардың тек 24%-ы ғана үнемделген уақытты шығындарды азайтуға бағыттайтынын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат