Мәдинадағы ислам университеті әлемнің үздік 800 жоғарғы оқу орнының қатарына кірді
Мәдинадағы ислам университеті әлемнің үздік 800 жоғарғы оқу орнының қатарына кірді
35 минут бұрын 23 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Нұрлы мәдинадағы ислам университеті 2027 жылдың рейтингісінде Times Higher Education нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік 800 жоғарғы оқу орнының  қатарына кірді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы жолғы рейтинг айналымында аталмыш университет саудиялық барлық жоғарғы оқу орнын артқа тастаған – бірден 258 позицияға көтерілген. Жергілікті деңгейде ислам университеті барлық сауд университеті арасында 24-ші орыннан 18-ші орынға, ал мемлекеттік университеттер арасында 21-ші орыннан 13-ші орынға көтерілді. Әлемнің ислам университеттері арасында қасиетті Мәдинадағы оқу ордасы басқа да ислам оқу орындарын басып озып, сегізінші орыннан бесінші орынға ауысты. Университет бұл жетістікті өзінің 2030 жылға қарай әлемнің жетекші ислам университетіне айналу жөніндегі стратегиялық мақсатын іске асырумен байланыстырады.

0 пікір
Мұрағат