Арыстандар азайып барады
Арыстандар азайып барады
8 минут бұрын 9 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Африкалық арыстандар саны соңғы жылдары күрт құлдырап кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Аfrica News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған тіршілік ету ортасының тарылуы (адамзат санының көбеюіне байланысты ресурсты тұтыну деңгейінің артуынан жабайы ортаны игеру арқылы жануарларды ығыстыруы), тіршілік ету ортасының тарылуына байланысты қорек тапшылығына таластан арыстандар үйірімінің арасындағы қақтығыс, браконьерлік, климат дағдарысы, т.б.) факторлар ықпал етіп отыр. Арыстандар үйірі қорек үшін өзара қақтығысып қоймай, адамдармен де ресурс үшін таласқа түсіп қырылады. Малға шабуыл жасайтындықтан аңшылардың оғынан өлгендері қаншама. Арыстан – Африка құрлығының экожүйесінде маңызды орын алатын жыртқыш әрі кіріс көзі: әлемнің түкпір-түкпірінен арыстан көру үшін туристер ағылып келеді. Африканың барлық аймағында арыстандар саны азайып кеткен. Африканың жабайы табиғатта қорғау қорының келтірген дерегіне қарағанда, Африка құрлығында бүгінгі таңда 23 мың ғана арыстан қалған. Осыдан жиырма жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда екі есе кеміп кеткен. Бір Кенияның өзінде 2500 арыстан ғана қалған.  

0 пікір
Мұрағат