Alibaba-ның негізін салушы өз бизнесін өміріндегі ең үлкен қателігіне балады
Alibaba-ның негізін салушы өз бизнесін өміріндегі ең үлкен қателігіне балады
8 жыл бұрын 3519 bnews.kz

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы қабырғасында қытайлық «Alibaba» ірі интернет компаниясының негізін салушы Джек Ма «Alibaba»-ны құруы - өміріндегі ең үлкен қателігі санайды.

«Мен оны құрған кезде шағын бизнес болады деп ойладым. Қазір енді президент секілді, бір күн тынным таппаймын»,– деді ол.

«Келесі өмірімде – егер келесі рет өмірге келетін болсам – қазіргідей бизнес түрімен шұғылданбаймын. Өз шаруаларымды атқарып, рахат өмір сүретін боламын», – деп атады Ма.

Сондай-ақ, ол мәңгі-бақи «Alibaba»-ны басқарып отыра бермейтінін жеткізді. Осы қызметінен кеткен соң қоршаған ортаны қорғаумен айналысатынын айтып қалды.

Alibaba – Қытайдағы ірі интернет-компания. Оның негізін 1999 жылы Джек Ма құрған. Компания электрондық коммерция саласында жұмыс істейді. Компания көлемі жағынан «Yahoo», «Amazon», «eBay», «AOL» секілді индустрия алыптарымен бір қатарда тұр.

0 пікір
Мұрағат