АШТЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ҚОЗҒАЛЫСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ 500 МЫҢҒА ЖЕТТІ (ФОТО)
АШТЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ҚОЗҒАЛЫСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ 500 МЫҢҒА ЖЕТТІ (ФОТО)
8 жыл бұрын 3900 muslim.kz

Осыдан екі жыл бұрын Нил Гоуз есімді жігіт Үндістанның Нью-Дели қаласындағы 150 жанды аштық азабынан құтқарып, тамақтандыру акциясын ұйымдастырған болатын. Игі бастамаға Пәкістан мемлекетінен Сара Африди өз үлесін қосқысы келетінін айтып, еріктілер сапына тіркелген еді. Содан бері аштыққа қарсы күрес қозғалысына қосылып жатқан жандардың саны күн санап көбейіп келеді.

Деректерге сүйенсек, Пәкістанның 60 пайызға жуық тұрғыны ашқұрсақ болып жүретін көрінеді. Әрбір он адамның алтауы кедейлік тауқыметін тартып келеді. Осыған орай, Карачи, Лахор және Исламабад қалаларында әр жексенбі сайын азық-түлік жинау акциясы өткізіліп келеді.

Қазіргі таңда еріктілер Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Малайзия және Индонезия мемлекеттерінің 23 қаласында жұмыс жасап келеді. Қозғалыс құрамындағы еріктілер саны 500 000-ға жеткен.

0 пікір
Мұрағат