Орман өртінің таралу қатері өсімдіктің бір ерекшелігіне байланысты болып шықты
Орман өртінің таралу қатері өсімдіктің бір ерекшелігіне байланысты болып шықты
2 ай бұрын 715 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Спутниктік мониторинг деректерін талдау нәтижесі өсімдіктердің булану жылдамдығы дала өртінің кейбір бөліктерінің басқаларға қарағанда неге қатты жанатынын түсіндіріп беретінін көрсетті. Дәлірегі, өсімдіктердің булану процесінің өрт ауқымымен байланысы бар болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы jpl.nasa.gov дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. NASA реактивті қозғалыс зертханасының зерттеушілері өсімдіктердің «терлеу» (булану) процесі арқылы суды шығару жылдамдығының өрт қаупіне әсерін зерттеп көрген екен. Орман-тоғай түріне және оның қайда орналасқанына (ойпаңда немесе биікте) байланысты булану процесі өрттің ауқымын арттырады. Бұл бағыттағы мәліметтерді өрт қаупін бағалау кезінде пайдалануға болады. Ғалымдар ECOSTRESS бақылау спутнигінің көмегін алынған мағлұматтарды орман өрттерінің салдарына қатысты фотосуреттермен салыстырды. Барлық деректер 2019 жылдан бастап 2020 жылдың басына дейін алты аймақта жиналды –үшеуі Оңтүстік Калифорния тауларында және үшеуі Сьерра-Невада - кейіннен орман өртіне оранған аймақтар болатын. Ғалымдар өсімдіктің отқа оранар алдында су стресін бастан кешетініне көз жеткізген. Яғни, Өрт ауқымы су стресінің жоғары немесе төмен болуына байланысты болатыны да белгілі болдып отыр. Мәселен, судың немесе ылғалдың жетіспеушілігінен стерске ұшыраған шырша орманында өрт қатері жоғары болып, тез тұтанады. Ал жайылымдар мен өсімдігі аз аумақтарда мқндай қауіп төмен болып келеді. Бұл нені білдіреді? Адамдар сияқты өсімдіктердің өсу процесі аптап ыстық орнағанда  қиынға соғады. Терлеуді жануарлар қолайлы температураны ұстап тұру үшін пайдаланады. Өсімдіктерде осыған ұқсас процесс булану деп аталады. Бұл процесс топырақтан булану кезінде өсімдіктердің суды жоғалту жылдамдығын және стомата деп аталатын жапырақтардағы саңылаулар арқылы суды шығаратын транспирацияны біріктіреді. Бойындағы ылғалды сақтау үшін өсімдік стоматасын (устьица) жауып тастайды.

0 пікір
Мұрағат