2050 жылға қарай алжығандар қарасы 139 млн адамға жетуі мүмкін
2050 жылға қарай алжығандар қарасы 139 млн адамға жетуі мүмкін
7 ай бұрын 753 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Медицина мен технологияның дамуына байланысты адамзаттың өмір сүру ұзақтығы артып келеді. Осындай және өзге де факторларға байланысты алжудан зардап шегетіндер қарасы жыл өткен сайын ұлғая бермек. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген дерекке жөн сілтеген CNBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша, ДДСҰ мәліметі бойынша 2023 жылы әлемде жүре пайда болған немесе жас ұлғая келе жабысатын кеселден (деменциядан) зардап шегетіндер қарасы 55 миллионнан асқан. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының Gallup институтымен (компания есебіндегі іргелі зерттеу мекемесі) бірлесіп жасаған бүкіл әлемдік бақыт есебіне сәйкес 2050 жылға қарай алжу немесе Альцгеймер ауруы диагнозы қойылатын адамдар саны 139 миллионға жетеді. ДДСҰ мағлұматы бойынша 2050 жылға таман 65 және одан жоғары жастағы адамдардың саны екі есе артып, 2,1 миллиардқа жетеді. «Деменция қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша егде жастағы адамдар арасындағы өлімнің жетінші, яғни, негізгі себептерінің бірі және кемтарлық пен масылдықтың негізгі себебіне айналған», - деп айтылған ДДСҰ хабарламасында. Аталған ұйымның мәліметіне сәйкес жыл сайын күллі әлем бойынша он млн-ға жуық адам алжиды.

0 пікір
Мұрағат