Қатты құрғақшылық Африка елін жүгері өнімінен түгелдей дерлік айырды
Қатты құрғақшылық Африка елін жүгері өнімінен түгелдей дерлік айырды
2 ай бұрын 443 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Зимбабведе жүгері өндірісі төрттен үшке қысқарады, өйткені, Африка құрлығындағы аталған ел аумағын қатты құрғақшылық жайлаған. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биылғы маусымда 634 699 тонна астық өндіріледі, бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 72 пайызға аз. Биылғы маусымда диқандар 1 миллион 780 мың гектар алқапқа егін еккен екен, бұл көрсеткіш жаз басталмай жатып жайлаған қуаңшылық пен құрғақшылыққа байланысты жоспардағыдан 7 пайызға, өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға аз. Зимбабве астық өндірушілері тапшылықты жою үшін шілде айына дейін кемінде 1,4 миллион тонна жүгері импорттауды жоспарлап отыр. Зимбабве жыл сайын 2,2 миллион тонна жүгері тұтынады, оның 1,8 миллион тоннасы азық-түлікке, 400 мың тоннасы мал азығына пайдаланылады.

Фото: Alkis Konstantinidis / Reuters

0 пікір
Мұрағат