Адамның қандай да бір сырқаттан тезірек жазылып, сауығуына кедергі келтіретін маңызды фактор аталды
Адамның қандай да бір сырқаттан тезірек жазылып, сауығуына кедергі келтіретін маңызды фактор аталды
10 ай бұрын 793 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қан құрамындағы қанттың деңгейі ұдайы жоғары болса, ауру адамның сырқатынан толық айығуына талай уақыт кетеді. Дәлірегі, қан құрамындағы қанттың жоғары деңгейі ауру адамның халін одан ары нашарлатады және тезірек сауығып кетуіне кедергі келтіреді. Бұл жайында islam.kz порталы Анастасия Голобородько есімді ресейлік нутрициологтың Telegram арнасындағы жарияланымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қант деңгейінің жоғарылауы тек ауырған кезде ғана емес, сонымен қатар, қалыпты уақытта да асқыну қаупін арттыруы мүмкін, соның ішінде қабынуды өршітіп, қанды қоюландырады, яғни, қанның ұю деңгейін арттырады. Бұдан бөлек, глюкоза метаболизміндегі субклиникалық өзгерістер, тіпті, жас және жалпы сау адамдарда аурудың ауыр түрлерін дамытудың себептерінің біріне айналуы мүмкін.

 

0 пікір
Мұрағат