Қоршаған ортаны қауіпті тұрмыстық химикаттан тазартудың әдісі айтылды
Қоршаған ортаны қауіпті тұрмыстық химикаттан тазартудың әдісі айтылды
1 жыл бұрын 862 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Justin Sullivan / Getty Images

Огайо штаты университетінің ғалымдары қоршаған ортаны зиянды, тұрмыстық PFAS химикаттарынан тазартудың жолын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы The Journal of Physical Chemistry A мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. PFAS – су өткізбейтін киім, опа-далап және ас үй бұйымдарының құрамында кездесетін, сондай-ақ, күнделікті тұтынылатын өнімдерден де табылатын пер- және полифторалкил синтетикалық заттар тобына жататын қосылыс. Бұл қосылыстардың қауіптілігі сонда - олар қатерлі ісік пен эндокриндік ауруларға бастайтын зиянды зат. PFAS ағын сулар арқылы қоршаған ортаға оңай енгенімен оның ыдырауына жүздеген жылдар кетеді. Білікті мамандар жерасты суын аталмыш заттан тазартудың тың тәсілін ұсынып отыр. Дәлірегі, мұндай қауіпті бөлшектерге ультрадыбыспен әсер етсе, олардың құрамдас молекулаларының бөлінуіне ықпал етпек. Әдетте өрт сөндіру көбіктерінде кездесетін түрлі мөлшердегі үш фтортеломерлік сульфонат қосылыстары бар зертханалық қоспалармен жүргізілген тәжірибе нәтижесі үш сағаттық ультрадыбыстық әсерден кейін кішігірім қосылыстардың әлдеқайда тез ыдырайтынын көрсетті. Бір қызығы, ыдырауы қиын PFAS бөлшектері де жоғалған. Сөз орайы келгенде таяуда норвегтік ғалымдар PFAS-тың жасөспірімдердің жыныстық жетілуі кезіндегі дамуын тежейтінін анықтаған айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат