Осы уақытқа дейін қанша адамның дүниеге келгені белгілі болды (видео)
Осы уақытқа дейін қанша адамның дүниеге келгені белгілі болды (видео)
10 ай бұрын 778 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар жер бетінде Адам пайда болғалы бері осы уақытқа дейін қанша адамның өмір сүргенін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы IFLScience ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде өмір сүріп жатқан тірі адамдар саны осы уақытқа дейін өмір сүріп кеткен, яғни, қайтыс болғандар санынан асып түседі деген пікір қалыптасқан. Шындығында солай ма? Популяция анықтамалық бюросының (PRB) қызметкері Уенди Болдуин қолда бар деректерге сүйене отырып, бұл пікірдің шындыққа жасапайтынын алға тартып отыр. Халық санын анықтау бюросының сарапшылары тарихтың және тарихқа дейінгі түрлі кезеңдеріндегі популяцияны бағалау мәліметін, содан кейін болжамды туу көрсеткіштерін пайдаланды. Бұл тараптағы әдіс дәл көрсетпесе де өмірге келгендер санын шамамен есептеуге мүмкіндік береді. Біздің заманымызға дейінгі 190 000 жылдан бері шамамен 117 миллиард адам дүниеге келген, бұл қазіргі адамзат санынан бірнеше есе жоғары.

0 пікір
Мұрағат