Алланың құдыреті: тек азан шақырылғанда ғана ашылатын гүл (видео)
Алланың құдыреті: тек азан шақырылғанда ғана ашылатын гүл (видео)
1 ай бұрын 2533 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саналы тіршілік иесіне тән бұл ғажайып көріністі «CNN» арнасы сонау 2013 жылы таспаға тартып алыпты. Басынан бастасақ, Әзірбайжан аумағындағы ауыл шаруашылық фермаларының бірінде ерекше гүл өскен болатын - тек азан шақырылғанда ғана ашылатын. Тек күндізгі уақытта ғана емес, сонымен қатар, түн қараңғылында да азан шақырылғанда ашылатын болған. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі мәлім етеді. Негізі бұл гүлдің "отаны" - Мексика. Ол "Ай раушаны" деп аталады. Ферма қожайынының сөзіне қарағанда, аталмыш гүлдің бұл ерекшелігін жергілікті мұсылмандар "Алланың құдыреті" деп білсе, кейбіреулер бұл құбылысты азан уақытының гүлдің ашылатын сәтімен тұспа-тұс келетіндігімен байланыстырған еді. 

Әлбетте, Алланың құдыретін танытатын ғалам мен адамның жаратылысынан артық асырып ештеңе айта алмайсыз. Көре білетін адамға өзінің жаратылысынан Алланың құдыретін тани алады. Десе де  ара-тұра кездесіп қалатынын мұндай кереметтердің астарында да ескерту жатады. Біреулерге ой салар, біреулерге шабыт берер, енді бреулерге жұбаныш сыйлар, қалай дегенмен де ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. 

 

0 пікір
Мұрағат