Wikipedia үшін 2,7 миллион мақаланы кім жазды?
Wikipedia үшін 2,7 миллион мақаланы кім жазды?
10 жыл бұрын 3598

Швеция тұрғыны Сверкер Йоханссон (Sverker Johansson)  электронды энциклопедия атанған Wikipedia үшін 2,7 млн мақала жазып тастаған. Оның жазған мақалалары осынау электронды энциклопедияда жарияланған мақалалардың 8,5 пайызын құрап отыр. Десе де, ол мақалаларын қолмен жазбаған. Мақала жазу үшін Lsjbot бағдарламасын ойлап тапқан. Аталмыш бағдарламада ақпарат көздерінен алынған мәліметтер сарапқа салынады. Мақалалар осының негізінде жазылған болатын. Мақалалардың дені қоңыздар мен көбелектер жайында.  Сверкера Йоханссонның мұндай тәсіліне сын айтқандар көп болды. Олар мақала жазудың мұндай тәсілі адамның шығармашылығын тежейтінін әрі адам қолымен жазылған мақаланың сапалы болатынын алға тартып отыр. Расында да, швециялық автордың мақалаларында статистикалық мәліметтер мен нақты фактілер көп кездеседі. Бірыңғай құрғақ мәліметтер оқырманды мезі етіп жіберуі мүмкін. Алайда, Сверкер Йоханссон сын айтқан әріптестерімен келіспейді. Оның ойынша, мақалаларында шығармашылық мотив болмағанымен шынайы ақпарат оқырман үшін әлдеқайда маңызды әрі пайдалы. 

0 пікір
Мұрағат