Wi-Fi-ға аллергиясы бар оқушы өз-өзіне қол жұмсады
Wi-Fi-ға  аллергиясы бар оқушы өз-өзіне қол жұмсады
8 жыл бұрын 2975

Ұлыбританияның Чадлингтон қаласында Дженни Фрай есімді 15 жастағы мектеп оқушысы сымсыз ғаламторға аллаергиясы бар болғандықтан өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапты. Бұл жайында «Вести.ру» порталы "Mashable» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Бой жетіп қалған, қыршынынан қиылған қыз неліктен мұндай қатерлі қадамға барғанын жазып кетіпті. Анасының сөзіне қарағанда, қызы басының ауыра бастағанын айтып, роутерінен құтылған көрінеді. Алайда, мектеп қабырғасында өзін жайсыз сезінгенімен ол оқитын білім мекемесінің ғимаратын өзге оқушылар үшін Wi-Fi-дан ажыратудан бас тартқан. Дженни Фрайдың дертіне ешкім жете мән бермеген. Яғни, елемеген. Айта кетейік, бұл елде сымсыз ғаламтордан болатын аллергия дерт ретінде ресми мойындалмаған. Өкінішке қарай, аурудың бұл түрі оқушы қыздың түбіне жетіп тынды. Бұрын хабарланғандай, АҚШ-та өркениет игілігі болып табылатын Wi-Fi-дан зардап шегетіндерге арналған арнайы орын бар. Үстіміздегі жылдың тамыз айында француз әйелінің сымсыз ғаламтордан кмтар болып қалғаны ресми мойындалған еді.

0 пікір
Мұрағат