Франция соты буркиниге салынған тыйымды жойды
Франция соты буркиниге салынған тыйымды жойды
12 ай бұрын 892 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Франция соты елдің оңтүстігінде орын тепкен Фрежюс қаласында Адам құқығы лигасының шағымы негізінде «Буркини» деген атпен белгілі, шариғат талабына сай әйелдердің суда шомылатын киіміне салынған тыйымның күшін жоятын үкім шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Француздардың ұлттық ассамблеясының әсіре оңшыл мүшесі Фрейюс мэрі суда жүзушілердің гигиенасы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деген желеумен салған мұндай тыйымды. Франция соты қабылдамады, айналып келгенде мұндай тыйым елде заңмен қорғалатын бірқатар құқықтар мен бостандықтарға, соның ішінде ар-ождан бостандығын шектейді, деп мәлімдеді. Сот шешімімен аталған қала әкімшшілігі Адам құқығы лигасына 3000 еуро мөлшерінде өтемақы төлейтін болды.

0 пікір
Мұрағат