ЛГБТ насихатына қарсы гендерлік теңдіктің дәстүрлі қатынасын заңдастырады
ЛГБТ насихатына қарсы гендерлік теңдіктің дәстүрлі қатынасын заңдастырады
12 ай бұрын 806 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы адамзатқа ортақ құндылықтарды қорғайтын күштер белең алып кеткен азғындықтың бетін қайтару үшін «әйел» және «ана» ұғымдарына заңдық анықтама берді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Оклахома штатының губернаторы Кен Стит кімнің «әйел» және кімнің «ана» екенін заңды түрде анықтайтын және әйел мен ананың қандай мемлекеттік көмек ала алатынын айқындап беретін заң жобасына қол қойды. Бұдан бөлек, әйелдердің дәретханасын кім пайдалана алатынын, әйелдер түрмесіне және басқа да «гендерлік бөлінетін» орындарға кімдер бара алатынын анықтайды. Аталмыш заң «Әйел құқықтары туралы Билл» деп аталды. Заңды түрде «Әйел болып табылатын жеке тұлға» әйел ретінде жіктеледі. Ал ана – «бір немесе бірнеше баланың ата-анасы болып табылатын әйел». Сонымен қатар, енді мемлекет өз статистикалық жинақтарында тек екі жынысты – ер мен әйелді көрсететін болады. Губернатор көпшілік бұл заңның қажеттілігін былайша түсіндірді: Біріншіден, түрмедегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау үшін олардың биологиялық жынысын ажыратып көрсету қажет. Екіншіден, ерлер/әйелдер өлшемі бойынша көрсетілетін мемлекеттік жәрдемақылар мен көмекке құқығы бар адамдардың нақты санаты болуы керек, т.б.

0 пікір
Мұрағат